Қазақстандықтар үшін мемлекеттен пайыздықбонустарала отырып, балаларының оқуына ақша жинақтаудың жаңа тетігі жұмыс істейді
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
Қазақстанда 2013 жылдан бастап Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) қызметін бастады.
Жүйе Қазақстан Республикасының әр азаматына өзінің атына немесе баланың атына білім беру жинақтау салымын ашып, оны болашақта Қазақстанның және шет елдердің колледждері мен ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін жұмсауға мүмкіндік береді. Жүйенің операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады.
Бүгінгі таңда 14 760 жуықбілім беру жинақтау салымы ашылды.
Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық 10% сыйақы мен жыл сайын мемлекеттен 5% немесе 7% (жеңілдікті санаттағылар үшін) сыйлықақы есептеледі:
Мемлекет сыйлықақысы 5%,7% + Банк сыйақысы 14% = Салым бойынша табыстылық 19,5 % басталады
Білім беру жинақтау салымының артықшылықтары:
- Мемлекет сыйлықақысына табыс түрі ретіндесалық салынбайды;
- Білім беру жинақтау салымдары 10 млн. теңгеге дейін Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорының нысаны болып табылады;
- Минималды бастапқы жарна – 3АЕК (2016 ж. 6 363 теңге);
- Жинақтау мерзімі – 20 жылға дейін;
- Мемлекеттің атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепілдігімен банктен білім беру кредитін алу мүмкіндігі бар.
Білім беру гранты тағайындалған салымшының құқығы:
- жинақты мемлекет сыйлықақысымен бірге алу;
- ақшаны басқа баланың атына аудару;
- білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру.
* Мемлекеттік сыйлықақы мен банктің сыйақысы капиталға айналып, білім беру жинақтау салымдары бойынша табыстылық 19,5 % құрайды, нәтижесінде салымшы білім беру қызметтерін сатып алу шығыстарынан 30-40% дейін үнемдейді.
Білім беру жинақтау салымын ашу үшін қажетті қадамдар:
1-қадам– МБЖЖ-ға қатысушы банктердің бірін таңдау.
2-қадам– Білім беру жинақтау салымын ашу.
3-қадам – Бастапқы жарнаны енгізу.
Құжаттар:
- ата-ананың бірінің жеке куәлігі;
- баланың туу туралы куәлігі және ЖСН. |