Суббота, 21.12.2024, 19:36
Приветствую Вас Гость | RSS

ТОБОЛЬСКИЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 48
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Абитуриенту

Главная » Файлы » Правила приема

Оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары
09.06.2016, 13:01
  1. Жалпы ережелер

 

       1.Бұл ережелер Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының 2012жылғы 19 қаңтарындағы №130 бекітілген техникалық және кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгісі негізінде жасалған .

Осы Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұданәрі — Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына (бұданәрі - Заң) сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Тобыл кәсіптік – техникалық колледжі» КҚМК-ға (оданәрі- Колледж) оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.

       2. Колледжге негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ (жалпы негізгі) негізгі орта, жалпы орта (орта жалпы) білімі бар адамдар қабылданады.

       3. Колледжге оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді. 

 

2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын

іске асыратын Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Тобыл кәсіптік – техникалық колледжі» КҚМК-ға

оқуға қабылдаудың тәртібі

 

Құжаттарды қабылдауды және әңгімелесуді ұйымдастыру

 

       4. Колледжда тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білімалушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшылары жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.

       Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.

       5. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе Колледж интернет ресурсы арқылы қабылдау комиссиялары таныстырады.

       6. Колледжде оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында.

       7.Оқуға түсушілер Колледжде оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен, 3x4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.

       Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.

       Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

       1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;

       2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

       3) босқын – босқынның куәлігі;

       4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

       5) оралман – оралман куәлігі.

       Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім Колледж тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.

     8. Түсу емтихандары жоғарлытылған деңгей мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу түрінде өткізіледі.

       9. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету түсушілердің құқығын қорғау мақсатында Колледжде апелляциялық комиссия құрылады.

       Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.

Әңгімелесу нәтижелері мен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады.

       Апелляцияға өтініш әңгімелесу нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі  сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуы мен апелляциялық комиссияда қаралады.

       Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы  тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусы мен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен рәсімделеді.

      

3. Білім алушылар құрамына қабылдау

 

       10. Колледж білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізінде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

       Жоғартылған деңгейінің мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

       1) күндізгі оқуына санына - 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;

 11. Колледжге қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.

Категория: Правила приема | Добавил: ilina3675
Просмотров: 924 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
uCoz